Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ер адам көпірден құлап, қаза тапты

Айнұр Қапышова Корреспондент
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ер адам көпірден құлап, қаза тапты Алматыдағы Тұңғыш Президент паркіне қарсы орналасқан көпір Фото ©Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында болды. Тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден ер адам құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында болды. Тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден ер адам құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысындағы көпірден құлаған адам туралы хабарлады.

Реклама
Реклама

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті ер адамның қаза тапқанын растап, Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Осы факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама