Алматыдағы алғашқы қар: коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыдағы алғашқы қар: коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Алматыда қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда соңғы тәулікте шамамен 20 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл қарашадағы айлық норманың жартысына тең көрсеткіш. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі тұрғындардың қауіпсіздігі мен еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатқаны айтылды.

"Таулы аймақта ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан көктайғақ пайда болды. Онда арнайы қоспа себіліп жатыр. Бұл жұмысқа 900-ден астам арнайы техника және 2500-ден астам маман тартылған. Қолданылып жатқан техника қатарында құм-тұз қоспасын себетін көліктер, сыпыру-тазалау кешендері, тиегіштер және қосымша арнайы техникалар бар", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Қала әкімдігі мәліметінше, көшелер, тротуарлар мен аялдамалар тәулік бойы тазаланып жатыр. Коммуналдық қызмет жағдайды бақылап, қажет болса қосымша арнайы қоспа себетіні айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама