ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2019 | 09:55
Алматыдағы Алма-Арасанға кірер жолда болған үлкен кептеліс видеоға түсірілген
Желіде Алма-Арасан шатқалына кірер жолда болған үлкен кептеліс түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Алма-Арасан шатқалына кірер жолда болған үлкен кептеліс түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны Instagram желісіндегі @dauletsky_ парақшасына кадрларды жүктеген.
Оның айтуынша, адамдарға үш сағаттай кептелісте тұруға тура келген.
"Менің білуімше, бұл жаңа ереже. Мүмкін, біреуді Алма-Арасанға барудан сақтап қалатын шығармын. Қазір келген соң, қолға 500 теңге ұстатып, бір аға сені өткізіп жіберетін бұрынғыдай емес. Жаңа терминалдар қойып тастаған. Шлагбаумға келгенде, сен алдымен көліктен шығып, төлем жасайсың, кейін қайта отырып, бірақ жүресің", - деп атап өтті видео авторы.
Алматылық бірнеше шақырымға созылған көліктердің кептелісін көрсеткен. Бір қатарда көліктер де, автобустар да тұр. Кей жүргізушілер шыдамай, кері бұрылып, қалаға қайтып жатыр.
"Шамамен есептеу бойынша, бұл көліктер шлагбаумға үш сағаттан соң жетеді. Тағы бір сағат қарсы жолақпен жүріп, алдына барып алатын "ақылдылардың" арқасында қосылады", - дейді ол.
Бұған дейін Алматы облысындағы Көлсай көлінде жақын арада жаңа кафе пайда болатыны мәлім болған. Құрылысшылар оның табиғат көрінісіне, туристерге еш кедергі келтірмейтінін айтты.
Показать комментарии
Читайте также