02 шілде 2024 10:37

Алматыдағы аптап: қанша адам күн өту белгілерімен дәрігерге жүгінген?

Фото:depositphotos.com

Алматыда оннан аса адам аптап пен күн өту белгілеріне байланысты дәрігерлерге жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оннан аса адам аптап пен күн өту белгілеріне байланысты дәрігерлерге жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 1 маусымнан бастап айдың аяғына дейін аптап пен күн өту белгілеріне байланысты 16 шұғыл шақырту тіркелгенін хабарлады. Бұл жағдаймен ауруханаға түскендердің арасында 11 ересек және бес бала бар.

Айта кетейік, синоптиктердің мәліметінше, шілденің бірінші онкүндігі аяғында, екінші онкүндігі басында республиканың басым бөлігінде күн қайта ысиды. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +43 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды