ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2022 | 01:50
Алматыдағы арнайы операция: басып алынған әуежай құқық қорғау органдарының иелігіне өтті
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров арнайы операция барысында әуежайдағы басқыншылық әрекет тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров арнайы операция барысында әуежайдағы басқыншылық әрекет тоқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қалада тәртіп орнату мақсатында терроризмге қарсы арнайы операция басталды. Әуежай босатылды. Штаттық жұмыс режиміне ауыстырылады", - деді Бабақұмаров.
Алматы комендатурасының ақпарат орталығы мәліметінше, тәртіпсіздіктерді жақтаушылар қалаға залал келтіріп, құқық қорғау органдарының тәртіп орнату және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды әрекеттеріне қарсылық көрсеткен.
"Экстремистер нысандарды тонап, кәсіпорындарға зиян келтірді. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, медицина қызметкерлері жұмысына кедергі келтіріп, емханалар мен ауруханаларды бүлдірді. Алматыдағы қылмыстық топтардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы шетелде шындап дайындықтан өткенін айғақтайды. Олардың Қазақстанға шабуылы - басқыншылық әрекет, мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру әрекеті", - делінген хабарламада.
Комендатура ҰҚШҰ-ның көмегі мемлекетті сыртқы қауіптерден қорғауға қажет шара екенін айтты.
"Бірге әл-ауқатымыз бен болашағымызға қауіп төндіретін лаңкестік пен қылмыстық актілерді тоқтата аламыз. Біз тұрғындарды сабырға шақырып, конституциялық құрылыс пен қоғамдық қауіпсіздікті орнатуда құқық қорғау органдарына көмектесуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также