24 сәуір 2021 | 23:04

Алматыдағы атыс: ПД өкілдері зардап шеккендер туралы ақпарат берді

Полиция департаменті "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде өткен арнайы операция кезінде бірде-бір адам зардап шекпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция департаменті "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде өткен арнайы операция кезінде бірде-бір адам зардап шекпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арнайы операция кезінде үш адам зардап шеккенін, оның ішінде екеуі арнайы жасақ қызметкері екенін хабарлаған болатын. 

"Бәріне медициналық көмек көрсетілді. (...) Зардап шеккендер ҚДБ медициналық мекемелеріне жеткізілді. Олардың жағдайы туралы қосымша хабарланады", - делінген басқарма хабарламасында.  

Реклама
Реклама

Бірақ артынша ведомство өкілдері күзет бқлімінің бір ғана қызметкері зардап шеккені хабарланды. 

Сонымен қатар, полиция өкілдері арнайы жасақ қызметкері зардап шеккені туралы хабарды жоққа шығарды. 

"Арнайы жасақ өкілі де, қарапайым азаматтар да, полиция өкілдері де зардап шеккен жоқ. Күндіз күзетші ғана зардап шекті", - деді Алматы қаласы ПД өкілі Салтанат Әзірбек.  

Еске салайық, күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная