26 сәуір 2024 | 11:56

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

видео кадры

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы жүргізуші арандатқанын, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болғанын айтты.

"Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл - арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды. Соттан кәмелетке толмаған үш балам бар екенін және бұл менің бірінші рет құқық бұзуым екенін ескеруін сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындауды сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша мені ақтауыңызды сұраймын. Барлық зардап шеккендерден шын жүректен кешірім сұраймын", - деді Ахметжанов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная