Алматыдағы аудандардың бірінде түнде су өшіріледі

Алматы қаласы Медеу ауданының жоғарғы бөлігі түнде суық судан ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы Медеу ауданының жоғарғы бөлігі түнде суық судан ажыратылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

9 маусымға қараған түні, сағат 00:00-ден таңғы 6-ға дейін Медеу ауданындағы Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында орналасқан елді мекендерге, соның ішінде Таулы Қырат, Көктөбе, Юбилейный, Каменское плато шағын аудандарында суық су беру тоқтатылады.

Самал 1,2,3 шағын аудандарында желілердегі су қысымы төмендейді.

Реклама
Реклама

Суық суды уақытша ажырату жөніндегі шектеулер сумен жабдықтау нысандары мен желілеріндегі апаттық–қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін қажет.

"Апаттық жұмыстар аяқталғаннан кейін сумен жабдықтау схемаларын түзету және қалпына келтіру қажеттілігіне байланысты 9 маусымда сағат 16-ға дейін көрсетілген аймақтағы желілерде су қысымы қысқа мерзімге төмендеуі мүмкін.

Өтінім бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілеріне су жеткізу қамтамасыз етіледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама