09 қараша 2022 | 16:21

Алматыдағы автобус апаты: 9 адам ауруханада жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Дәрігерлер Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен №4 аурухана қазіргі уақытта барлығы тоғыз науқас емделіп жатқанын, оның ішінде бір бала бар екенін айтты.

Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығына 2013 жылы туған бала жеткізілді. Дәрігерлер диагноз қойды: қосарланған жарақат, жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы. 3-нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы өзгеріссіз тұрақты.

Реклама
Реклама

Екі науқас жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Алты науқас 4-ші қалалық ауруханаға, екеуі травматология бөліміне, төртеуі нейрохирургия бөліміне түсті.

"Нейрохирургиядағы науқастардың бәрінің жағдайы тұрақты, олар консерватив ем қабылдап жатыр. Бәрінде жабық бас сүйек-ми жарақаты бар. Екі әйел мен екі ер адам түсті, жағдайы орташа ауыр", - деді №4 ҚКБ нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков.

Сондай-ақ, дәрігер бір жүргізуші сол бөлімшеде екенін, ол шынымен бас-ми жарақатын алғанын және ретроградтық амнезияға шалдыққанын, яғни жол апаты болған сәтті білмейтінін айтты.

Еске салайық, жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 17 адам ауруханаға жеткізілген, және бір адам медициналық көмектен бас тартқан. Кейін оқиғаның видеосы пайда болды.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегін тексеріп жатқан Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы мәліметінше, ЖКО сызбасына және бейнебақылау жүйелерінің талдауына сәйкес, сағат 14:05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі "МАЗ-203069" қоғамдық көлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған А. есімді ер адам, Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан "GOLDEN DRAGON XML6125CN" маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Екі жүргізушінің де жағдайы әзірге белгісіз.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная