02 шілде 2024 | 14:22

Алматыдағы автобус апаты: ұсталған жүргізуші үйқамаққа шығарылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда автобус апатына себепші болған жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Жол апатынан бір адам қаза тапқан болатын. Бұл туралы күдіктінің адвокаты әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобус апатына себепші болған жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Жол апатынан бір адам қаза тапқан болатын. Бұл туралы күдіктінің адвокаты әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде күдіктінің адвокаты жазды.

"Бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезеңінде күдікті үй қамауында болады және баласына қарай алады", - деп жазды адвокат Қанат Әлсейітов Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама

Құқық қорғаушы күдікті жасырынуға тырыспағанын және оқиға орнында зардап шеккендер мен полиция қызметкерлеріне көмектескенін айтты.

"Қайтыс болған жігіттің туыстары түсіністікпен қарады және менің қорғаушыма жанашырлық танытты, сондай-ақ, оған қарсы шағым жоқ екені туралы мәлімдеме жазды. Олар оның қамауда болғанын қаламайды және қатаң шара қолданбауды сұрады: кепіл немесе үй қамағы", - деді адвокат.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда жолаушылар мінген автобус ауыр апатқа ұшыраған болатын. Жол апаты Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған.

Апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 16-сы жарақат алған. Кейінірек зардап шеккендердің саны 25-ке жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная