08 ақпан 2020 | 12:21

Алматыдағы барахолка базарында санитарлық күн жарияланды

Алматыдағы барахолкада 8 ақпан санитарлық күн деп жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы барахолкада 8 ақпан санитарлық күн деп жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Байсат", "Барлық", "Ялян", "Рахат", "Барыс", "Алатау", "Болашақ", "Мизам", "Арлан", "Өжет", "Ақ-Бұлақ", "Кенжехан" базарлары санитарлық күн жарияланғандықтан жұмысын тоқтатты. 

Реклама
Реклама

 

"Біз "Байсат" базарында санитарлық күн жарияладық. Бүгін, яғни, 8 ақпанда. Санитарлық жұмыстарды жүргізіп, қардан тазарту керек. Адамдардың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін және клиенттердің кедергісіз қозғалуы үшін. Бізде екі мыңға жуық адам жұмыс істейді, олардың барлығына санитарлық күн туралы алдын ала ескертілді. Бізде WhatsApp-та ортақ топтар бар, Instagram бар, бәріне әлеуметтік желілер мен жедел хабарламалар арқылы алдын ала хабарладық", - дейді "Байсат" ЖШС заңгері Дінмұхаммед Сейтқұлов.

"Ялян" базарында да санитарлық күн. Бізде 300-350 адам жұмыс істейді, барлығы демалып жатыр. Барлығына кеше алдын ала хабар таратылды", - дейді "Аймақ" сауда орталығының директорының орынбасары Мәлік Мұқажанов. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная