Алматыдағы барахолкада шыққан өрт ауыздықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыдағы барахолкада шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы барахолкада шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт сағат 12:13-те оқшауланған.

Реклама
Реклама

"Алапат өрт 1 сағатта 1,5 мың шаршы метр аумақта оқшауланды. Жану ошағын анықтауға тепловизорлар тартылды, қойманың бетон конструкциялары құлауы мүмкін. Өртсөндірушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қабылданған жедел шаралар арқасында іргелес және көршілес контейнерлер, тауарлары, материалдық дүниелері бар қоймалар қорғалды", - деді Алматы ТЖД өкілі.

Өрт сөндіруге 25 техника, 86 адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, қаланың өзара іс-қимыл қызметтері ішінен коммуналды қызметтер, ПД және басқалары жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда барахолкадан өрт шыққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама