08 маусым 2020 | 15:01

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицей есін жиды

Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицей есін жиып, сөйлей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицей есін жиып, сөйлей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері үшінші полицейдің жағдайын айтты.

Реклама
Реклама

"Науқастың жағдайы тұрақталды. Есін жиды, сұрақтарға жауап бере алады. Қай жақта екенін, уақыт қанша екенін біледі. Бірақ басы әлі де ауырады, сондай-ақ, басы айналады. Палатада өз бетінше қимылдап, жүре алады", - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Мұның алдында 26 жастағы полицей Ербұлан Сейдазымның ауыр жағдайда екені хабарланған еді.

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: видеобақылау камерасындағы суреттер жарияланды

Бастапқыда 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиевтің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланса, бірнеше сағаттан соң екінші полицей, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная