22 ақпан 2023 | 10:21

Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билеттерінің бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билеттерінің бағасын төмендетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаланың табиғатты қорғау мамандандырылған прокуратурасы "Ботаника және фитоинтродукция институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына кіру билетіне тариф белгілеуде бұзушылықтарды анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісіне сай, азаматтардың Ботаника бағына кіру тарифі 103 теңге төмендетілді", - делінген хабарламада.

Енді Ботаника бағына кіру құны ересектерге 850 теңге, студенттерге 685 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 503 теңге болмақ.

Реклама
Реклама

Бұрын Ботаника бағына кіру билеттерінің құны ересектерге 953,30 теңге, студенттерге 683,30 теңге, мектеп оқушысы/зейнеткерлер/АӘК алушыларға 503,30 теңге болса, мүгедектігі барлар/ардагерлер/ 7 жасқа дейінгі балаларға тегін болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная