Алматыдағы бүлік: тәртіпсіздіктерге қатысты деген 7 күдікті бостандыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры/almaty.tv

Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерге қатысты деген 7 күдікті тергеу изоляторынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерге қатысты деген 7 күдікті тергеу изоляторынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, күдіктілер 25 қаңтарда ЛА-155/18 тергеу абақтысынан босатылған. Тағы төртеуі емделіп жатқан ауруханадан шығарылған. Қазір 11 адамның бәрі үйқамаққа алынған.

"Жоқ, мені ұрған жоқ, басқалар туралы айта алмаймын. Мені кеше ғана медицина бөліміне ауыстырды. Ал оған дейін әдеттегі режимде болдым", - деді күдіктілердің бірі Досан Қайратұлы.

Реклама
Реклама

Қаңтардағы оқиғалар кезінде жазықсыз жапа шеккендерге көмектесу үшін "Аманат" қоры құрылғаны айтылды. Оның мүшелері өз клиенттеріне қатысты қылмыстық істер тоқтатылмағанын түсіндірді. Алайда құқық қорғаушылар 11 күдіктіні қамаудан босатып үлгерген.

"Бүгінде 11 адам шығарылды: жетеуі тергеу изоляторынан, тағы төртеуі ауруханадан. Оларға қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы шешім шығарылды. Әрине, соталды тергеу жұмыстары жалғасады. Қорытынды бойынша шешім қабылданады", - деді заңгер, "Аманат" қоғамдық комиссиясының мүшесі Мәди Мырзақараев.

Телеарна мәліметінше, Алматыда 240-қа жуық күдікті қамауда. Құқық қорғаушылар оларға қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдету, құқықтары мен бостандықтарын қорғау жұмыстары жалғасады деп сендірді. Бірақ бұл жұмыс тек бейбіт митингілерге шығып, заң бұзбағандарға қатысты.

"Бұл Қазақстандағы оқиғаларды зерттейтін қоғамдық комиссия. Бұл тек қамауға алынғандарды азаптауды тексеру ғана емес, жалпы. Өйткені ұсталғандар мен тергеу изоляторында немесе үйінде отырғандардан басқа жәбірленушілер де бар", - деді құқық қорғаушы Айман Умарова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама