25 маусым 2020 | 11:24

Алматыдағы COVID-19. Жағдайы ауыр науқастардың көбею себебі айтылды

Фото:elements.envato.com

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қалада жағдайы ауыр науқастардың саны неге күрт өскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қалада жағдайы ауыр науқастардың саны неге күрт өскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы динамикада жағдайы ауыр және өте ауыр пациенттердің көбеюі байқалады. Ауыр пациенттер санының артуы созылмалы аурулары бар пациенттердің өсуімен байланысты: қант диабеті, артериялық гипертензия, ишемиялық ауру және тағы басқа аурулар", - деді Надыров ОКҚ онлайн-брифингі барысында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, жағдайы ауыр және аса ауыр науқастардың 80 пайызынан көбі 60 жастан асқандар.

 
"Жағдайы ауыр және өте ауыр пациенттердің арасында 80 пайыздан астамы - 60 жастан асқан адамдар. Бүгін 11 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Өкпенің инвазивті жасанды желдетуінде 15 пациент бар. Жалпы қалада жасанды тыныс алдыру аппараттарының болуын талдау бойынша жұмыс жүргізілді, қажет болған жағдайда аппараттардың санын арттыру және күштерді жұмылдыру мүмкіндігі бар. Коронавирус жұқтырған науқастарға 100 аппарат бар", - деді Надыров.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 19285-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная