Алматыдағы допингке қарсы зертхана WADA аккредитациясынан айырылды

01 Шілде 2017, 09:24
0
Алматыдағы допингке қарсы зертхана WADA аккредитациясынан айырылды - © xsport.ua
© xsport.ua

WADA Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі Алматыдағы (Қазақстан) және Блумфонтейндегі (Оңтүстік Африка Республикасы) допингке қарсы зертханаларды аккредитациясынан айырды , - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі зертханада ISL халықаралық стандарттарға сәйкес емес деп танылды. Сондай-ақ, зертханалардың техникалық құжаттары да дұрыс емес екендігі белгілі болды.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусымында WADA Алматыдағы допингке қарсы зертхананың жұмысын төрт айға тоқтатып, кейіннен 2017 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартқа болатын. Ал Оңтүстік Африкадағы зертхананың жұмысы 2016 жылдың мамыр айында бес айға уақытша тоқтатылып, 2017 жылдың 30 наурызына дейн ұзартылған еді.

Басылымның мәліметінше, зертханалар бұл шешімге 21 күн ішінде шағым түсіре алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай