ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2023 | 14:22
Алматыдағы екі жаңа метро станциясы қалай аталуы мүмкін?
Алматыда ашылатын жаңа екі метро станциясы "Шұғыла" және "Төле би" деп аталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ашылатын жаңа екі метро станциясы "Шұғыла" және "Төле би" деп аталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық мәслихаттың VI сессиясында тілдерді дамыту және ономастика бөлімі басшысы Бақыт Қалымбет метро станциясы құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін жаңа екі станцияға атау беру қажет екенін айтты.
"Алатау даңғылындағы №1 станциясын жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аудан атауымен үйлесетін "Шұғыла" атауын беру ұсынылып отыр. Ал №2 станцияны "Төле би" деп атау ұсынылып отыр. Өйткені ол Алатау даңғылында, Төле би көшесінің қиылысында орналасады", - деді ол.
Қалымбеттің айтуынша, ұсынылған атауларды Алматы қаласының ономастика комиссиясы мақұлдаған. Оны қала әкімшілігі де қолдаған. Енді үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының бекітуі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также