25 маусым 2024 12:47

Алматыдағы фонтан маңында болған қайғылы оқиға: жасөспірімнің өлімінің себебі әлі белгісіз

видео кадры

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы фонтан маңында қайғылы оқиғаға ұшыраған 17 жастағы жасөспірімнің өлімі себебі әлі анықталған жоқ. Оңтүстік-шығыс өңірі бойынша аймақаралық сот сараптама орталығы нәтиже қашан шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықовтың айтуынша, сараптама дене түскен сәттен бастап бір ай ішінде жасалады, содан кейін ғана жасөспірімнің университет аумағындағы фонтанда қайтыс болуының нақты себебін айтуға болады - бұл электр тогының соғуы ма, әлде басқа нәрсе ме.

Еске салайық, 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан болатын.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің өліміне электр тогының соғуы немесе жүрегінің тоқтап қалуы себеп болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram