25 маусым 2021 | 15:49

Алматыдағы фонтанда зардап шеккен 8 және 10 жастағы қыздар ауруханадан шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыдағы субұрқақта электр тогынан зардап шеккен сегіз және он жастағы қыздар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы субұрқақта электр тогынан зардап шеккен сегіз және он жастағы қыздар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"19 маусымда ауруханаға түскен сегіз жастағы қыз жағдайы жақсарып, бүгін шығарылды. Оны әрі қарай үйде бақылайды", - деді "Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы" бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Сондай-ақ, дәрігер екінші қыздың жағдайы туралы да айтты.

Реклама
Реклама

"Шығару кезіндегі екі қыздың да жағдайы қанағаттанарлық болды. Шағымдары жоқ. Ауруханаға түскен кезде екеуінде де бірінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған", - деп түсіндірді Алуа Жексенова.

Еске салайық, 20 маусымда әлеуметтік желілерде әйел мен екі қызды субұрқақта электр тогы ұрғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл оқиғаға қатысты жазба жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная