30 қараша 2022 | 11:10

Алматыдағы Хмельницкий көшесі Талғар трактіне дейін жарылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыдағы Хмельницкий көшесі Талғар трактіне дейін кесіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Хмельницкий көшесі Талғар трактіне дейін кесіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрксіб ауданының халқымен кездесуінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудандағы жол жұмыстарына тоқталды. Ол тұрғындар Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелерінің бойына жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрағаннан кейін, олардың бойына 2,5 шақырымға асфальт төселгенін, ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 17 көше мен 89 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, 11 көше бойындағы 11 жаяу жүргіншілер жолы салынғанын айтты.

"Сонымен қатар, Б.Хмельницкий көшесінен Талғар трактіне дейінгі көшені тесуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Аяқтау мерзімі - 2023 жылдың соңы. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдар аралығында жүргізіледі", - деді Досаев.

Реклама
Реклама

Негізгі жолдарды кесіп өтуге ыңғайлы болу үшін Б.Хмельницкий, Е.Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінің бойында 11 реттелетін бағдаршам және Сейфуллин, Шемякин, Папанин, Жұмабаев көшелерінің бойында бес бағдаршам іске қосылды.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл қарашадан бастап 174 мекенжайға 322 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталды. Аяқтау мерзімі - 2022 жылдың желтоқсан айының соңы. 2023 жылдың сәуірінде 96 мекенжайға "Сергек»" ҚХА-ның 448 камерасын коммерциялық пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная