16 сәуір 2021 | 09:39

Алматыдағы жаңа жолайрық қандай болады?

Иллюстрациялық фото

Алматы әкімдігі жаңадан салынатын жолайрық қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі жаңадан салынатын жолайрық қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала билігінің мәліметінше, Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында тағы бір жолайрық пайда болады. Оның құрылысы 2021 жылы басталады. Әзірге бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Оған дейін қаланың мобильділік басқармасы жобаның эскизін ұсынды.

Алдын-ала сызбада көрініп тұрғандай, жолайрық көбелек түрінде болады. Саин көшесі қиылыста Мөңке би көшесімен жалғасады да, осылайша жүргізушілерге үздіксіз қозғалыс қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жоба авторлары жолайрықтың маңына жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады. Олардың пішіні мен дизайны қазіргі уақытта барахолка жақта Северное кольцо көшесінде тұрғандарға ұқсайды.

Реклама
Реклама

Саин-Мөнке би

Еске салайық, бұған дейін қала әкімдігі бұл жобаның автокөлік жүргізушілері үшін маңызын түсіндірген болатын

"Бұл көшелер (Мөңке би мен Саин - ескерт. авт.) Үлкен Алматы айналма автожолына шығатын радиалды жолдар. Сондықтан оған шығатын екі үлкен магистральда көлік жүктемесі болмас үшін жолайрық салу жоспарланды", - деді қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.


Саин көшесі

Бұған дейін Саин көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған еді. 2022 жылдың желтоқсанына қарай жол ұзарады. Бұл басқа көшелердегі кептелісті азайту үшін. Онда алты жолақты жол салу жоспарланып отыр. Әр бағытқа үш жолақ.

Сондай-ақ, екіжолақты жергілікті өтпе жолдар құрылысы жоспарланған. Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін (бұрынғы Ақын Сара көшесі) жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная