15 мамыр 2020 | 10:10

Алматыдағы жаңбыр салдары: ағаштар құлап, көшелерді су басты

Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Түнде Алматыда бір айлық жауын-шашын нормасының төрттен бір бөлігі түсті. 15 мамырға қараған түні 19 ағаш құлады. Төтенше жағдайлар департаменті су басқан 21 аумақты тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түнде Алматыда бір айлық жауын-шашын нормасының төрттен бір бөлігі түсті. 15 мамырға қараған түні 19 ағаш құлады. Төтенше жағдайлар департаменті су басқан 21 аумақты тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су басқан көшелердің видео, суреттерін әлеуметтік желілерді қолданушылар бөлісті.

Реклама
Реклама

@kris_p_almaty жүктеген видеолардың бірінде Әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдары көрсетілген. Кадрларда су ағып жатыр. 

"Екінші Венеция", - деген жазба авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от +21 | Almaty | @kris_p_almaty (@kris_p_almaty) 14 Май 2020 в 11:28 PDT

Желі қолдаланушылары бір-бірінен қырағы болуды сұрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от +21 | Almaty | @kris_p_almaty (@kris_p_almaty) 14 Май 2020 в 9:19 PDT

Алматы қаласы ТЖД өкілі 14 мамырда айтылған ескертуден кейін қаланың барлық апат-құтқару қызметі жоғары дайындыққа келтірілгенін хабарлады.

Жиі су басатын учаскелерге алдын ала адамдар мен техника жіберілді.

"Үш учаскеде бұл шаралар өзін ақтады. Келіп түсуіне қалған өтінімдер жедел пысықталды. Ауласына су кіріп үлгерген 15 жеке тұрғын үй су басудан аман қалды. Төрт жағдайда су жолға шығып, екеуінде - көппәтерлі үйлердің жертөлесіне құйылды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданы Әшімов көшесі, 89-үйде арық жүйесі толып, су жеке тұрғын үй аумағына кірген.

"Сағат 12.00-ге дейін жерге 30 дана қап төселіп, апаттың алды алынды, оған 5 дана техника мен 15 адам жұмылды", - деп атап өтті ТЖД.

Сондай-ақ, 19 ағаш құлап, оның 8-і автокөліктерге, 11-і жолға түскен.

Су басуды жоюға өзара іс-қимыл қызметінің 131 қызметкері, 39 дана техника, 9 мотопомпа жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Барлығы 840 текше метр су сорылып, 260 қап төселді. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная