ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2024 | 11:05
Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ үрейленбеуге шақырды
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соңғы тәулікте, 30 қаңтарда сейсмикалық станциялар желісі Қытайда алты жер сілкінісін тіркеді. Соның біреуі сағат 04:27-де Қазақстанда сезілді - 2 балл. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
"Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды ұсынады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также