27 қаңтар 2024 | 12:59

Алматыдағы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелге айыппұл салынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы прокуратурасы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелдің жазаланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелдің жазаланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарламаларды орналастыру фактілері анықталды, бұл өз кезегінде азаматтар арасында дүрбелең және кең қоғамдық резонанс тудырды. Мұндай әрекеттерді жасау фактілері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 жылдары туған екі әйелдің жеке басы анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі ("Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса") бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная