ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2024 | 14:12
Алматыдағы жер сілкінісі: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккен үш ересек адамға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Үш науқасқа жедел жәрдем ауруханасында медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бір науқастың жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы орташа. Науқастардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жарақат алған тағы төрт бала Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында жатыр. Жағдайлары орташа ауырлықта, тұрақты.
Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Алматыдағы жер сілкінісінің күші 5 балл болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также