Алматыдағы жерасты тұрақта екі көлік өртенді

Алматыдағы жерасты тұрақта екі көлік өртенді видео кадры

Алматы тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында екі көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт түнде, сағат 00:59-да Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты тұрғын үй кешенінің жерасты автотұрағында болған. Көліктердегі өрт сөндірілді.

"Өрт 10 метр аумаққа тарады. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Жарнама
Жарнама

Төтенше жағдайлар департаменті қандай маркалы көліктердің өртенгенін хабарлаған жоқ, өрттің шығу себебі де белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама