Алматыдағы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Алматыдағы жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша "Еңбек" бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктеліп отыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама