ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2023 | 11:37
Алматыдағы қар: қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады
Әдеттен тыс ұзаққа созылған жылы ауа-райынан кейін Алматы қаласында алғашқы қар жауды. 8 желтоқсан күні сағат 20:00-ден бастап Алматы қаласында 9 желтоқсанда түске дейін қар жауа бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 68 құм таратқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.
"Қалада 4 см қар жауды, Медеу мен Шымбұлақта – 6 см. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жол жұмысшысы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Қала әкімдігі автокөлік жүргізушілеріне жолда мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, сондай-ақ жазғы доңғалақта жүргендерге мүлде жолға шықпауды сұрайды. Жаяу жүргіншілерден де тротуарларда, жол бойы мен жолды кесіп өткенде өте мұқият болу ескертіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также