Алматыдағы қазылған көшелер: мердігер лицензиясынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыдағы қазылған көшелер: мердігер лицензиясынан айырылды Фото:depositphotos.com

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы AsiaMax ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы AsiaMax ЖШС құрылыс компаниясының лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл компания Әбіш Кекілбаев көшесінде кәріз жүйесі желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген.

"Лицензияның күшін жоюға жұмыс кестесі созылуы ғана емес, тұрғындардың наразылығын туғызған өрескел қателер де себеп болды: жоба шешімдері ауытқыған; құрылыс барысында мемлекеттік нормалар сақталмаған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы мәселелерге кінәлілерді атады.

"Кейбір компаниялар бір нысанды бітірмей жатып, жаңасын қолға алатын әдет қалыптастырған. Мұндай тәжірибеге мүлде жол беруге болмайды", - деді Дархан Сатыбалды бұған дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама