23 қараша 2023 | 16:45

Алматыдағы кей ғимараттар уақытша жылудан ажыратылады

Алматының Жетісу ауданында кейбір ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Жетісу ауданында кейбір ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 23 қарашада Жетісу ауданының Рысқұлов - Жансүгіров - Глазунов - Сейфуллин көшелерінің аумағындағы, сонымен қатар, Құлагер, Дорожник және Айнабұлақ - 1, 2, 3, 4 шағынауданындағы бірнеше тұрғын және өзге де ғимараттарға жылу беру уақытша шектеледі.

Реклама
Реклама

"Сорғы станциясында ілмекті арматурасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылумен және ыстық сумен жабдықтауды уақытша шектеу енгізіледі. Аталған қалалық секторда жылу мен ыстық су беруді түн ортасына дейін қалпына келтіру жоспарланған. Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная