ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2020 | 14:03
Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды
Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұмановтың сөзінше, бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған, оның ішінде, екеуі - кезекші сыныптағы оқушылар.
"Барлық топ ПТР-тест тапсырған, бәрінің нәтижесі теріс болды. Екі жағдайда да балалар коронавирус инфекциясын ата-анасынан жұқтырған. Топтар жағдайдың алдын алу мақсатында жабылды", - деді Қайрат Жұманов.
Еске салайық, екінші тоқсанда кейбір алматылық оқушыларға дәстүрлі оқу форматына көшуге рұқсат берілген болатын.
Екінші тоқсаннан бастап 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын. Сыныпта отыратын оқушы саны 15-тен аспауы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также