ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2022 | 10:52
Алматыдағы Көктөбеде ыңғайлы жаяу жүргіншілер жолы салынады
Көктөбе саябағында жаяу жүргіншілерге арналған сауықтыру жолын салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көктөбе саябағында жаяу жүргіншілерге арналған сауықтыру жолын салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде "Көктөбе" саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жол жиегімен жүруге мәжбүр болып жатқанын, бұл барлық жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздықтар мен қауіп тудыратынын атап өтті.
"Тұрғындардың өтініштерін ескеріп, келесі жылдың III тоқсанында жаяу жүргіншілерге арналған сауықтыру жолы салынады. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту шеңберінде Кіші Алматы өзенінің жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару рәсімі жүргізіліп жатыр. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының бірінің аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленетін болады. Аяқтау 2023 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған", - деді әкім.
Досаевтың айтуынша, 2023 жылы 110 жоба жүзеге асырылатын болады, оның ішінде аулаларды жөндеу, үйлердің қасбеттерін жаңарту, суару, қайта құру және абаттандыру жұмыстары бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также