Алматыдағы көшелердің бірінде қыркүйекке дейін көлік қозғалысы шектеледі

Фото:depositphotos.com

Алматыда қыркүйекке дейін Спасская көшесі бойында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда қыркүйекке дейін Спасская көшесі бойында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" мәліметіне сілтеме жасап.

20 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Түрксіб ауданында Спасская көшесінің бойымен Бекмаханов көшесінен бастап Урицкий көшесі арқылы өте отырып, Воровский көшесіне дейінгі аумақта автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектеледі.

Реклама
Реклама

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

"Уақытша шектеулер 1983 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1804,6 метр болатын, осы көше бөлігінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама