16 қаңтар 2021 | 15:07

Алматыдағы Қыздар университеті үздік 10 ЖОО-ның тізіміне енді

Қыздар педагогикалық институты бүгінгі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің көзіқарақты қауым үшін орны бөлек, маңызы ерек. Бұл оқу орны туралы көптеген өміршең өлеңдер жазылды, іргелі шығармалар туды. Сексен жылға жуық тарихы бар қазыналы қарашаңырақ осы жылдары білім жолын қуған, ұстаз болуды мұрат тұтқан қазақ қыздарының шамшырағына, парасат мектебіне айналды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қыздар педагогикалық институты бүгінгі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің көзіқарақты қауым үшін орны бөлек, маңызы ерек. Бұл оқу орны туралы көптеген өміршең өлеңдер жазылды, іргелі шығармалар туды. Сексен жылға жуық тарихы бар қазыналы қарашаңырақ осы жылдары білім жолын қуған, ұстаз болуды мұрат тұтқан қазақ қыздарының шамшырағына, парасат мектебіне айналды.

Заманауи педагог кадрлар даярлауға бет бұрған Қыздар педагогикалық университеті өткен жылы қандай жетістіктерге жетті? Оқу орнында нендей елеулі істер еңсерілді? Бүгінде ҚызПУ-да білікті де білімді педагог кадрларын даярлау мақсатында не істелуде? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

Реклама
Реклама

ҚызПУ-дың білім беру бағдарламалары үздік деп танылды

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген жоғары оқу орындарының бакалавриат білім беру бағдарламаларының рейтингі нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 13 білім беру бағдарламасы алғашқы ондыққа енді.

ҚызПУ үздік 10 жоғары оқу орнының сапына енді

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің нәтижелері бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті еліміздегі үздік 10 жоғары оқу орнының сапына енді. Атап айтқанда, оқу орны ұлттық рейтингте 27 811 жалпы көрсеткішімен 7 орынға табан тіреді. Рейтингке қатысуға республика бойынша 89 жоғары оқу орны өтініш беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

Университет тұңғыш рет халықаралық рейтингтерге енді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті алғаш рет Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің QS 301 - 350 халықаралық рейтингіне кірді. Сондай-ақ білім ордасы ARES халықаралық рейтингінде Қазақстанның 130 жоғары оқу орны арасында 29-шы орынға, Webometrics-те 25-ші орынға ие болды. Ал ұлттық институционалдық рейтингте университет отандық оқу орындарының алғашқы ондығына және Қазақстанның үздік 3 педагогикалық ЖОО-ның қатарына енді.

Педагогикалық білім беруді трансформациялау жұмысы басталды

Қыздар университеті педагогикалық білім беруді трансформациялау жұмысын қолға алды. Басты мақсат – оқу орнын еліміздің педагогика саласында академиялық көшбасшы ретінде қалыптастыру. Осыған орай университеттің факультеттерін жоғары мектептерге айналдырудың жаңа моделі кезең-кезеңмен енгізілмек. Биылғы оқу жылында эксперименттік алаң ретінде Педагогика және психология мен Физика-математика факультеттері алынды.

Трансформациялау процесі барысында академиялық және басқарушылық дербестік берілді, білім бағдарламаларының контенті қайта өңделді және 7 негізгі трек енгізілді. Алдағы уақытта көшбасшы бағдарламалар институты қалыптасады, жаңа білім беру өнімдері ұсынылады және студенттік өзін-өзі басқару кеңейтіледі. Сондай-ақ педагогиканың ұлттық моделін қалыптастыру үшін зерттеу кластерлері анықталып, таланттарды басқару қолға алынады.

Жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату қолға алынды

Қазақстанның жоғары оқу орындарына берілген академиялық еркіндік аясында Қыздар университеті жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатты. Атап айтқанда, 100-ден астам жұмыс беруші оқу орнының білім беру бағдарламаларын жобалау мен жетілдіру жұмыстарына қатысып, еңбек нарығының сұранысы және қазіргі талаптардың сәйкестігін айқындады. Сарапшылар мен стейкхолдерлердің пікірін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, олар Білім және ғылым министрлігінің тізіміне енгізілді. Жұмыс берушілер қатарында Алматы қаласы мен аймақтық Білім басқармалары, Назарбаев Зияткерлік мектептері және өзге де білім беру мекемелері бар.

4 ғылыми жоба қаржыландырылды

2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген конкурсқа Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен 37 ғылыми жоба ұсынылып, оның ішінде 4 жоба қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды. Аталған жобалар Орыс тілі мен әдебиеті, Химия, Физика, Информатика және қолданбалы математика, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедраларында орындалуда.

Рейтинг – жүйелі жұмыстың нәтижесі

2020 жылдан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің факультеттері мен кафедралары арасындағы рейтингтер жасау қолға алынды. Рейтинг нәтижесі гранттық қаржыландыру бойынша жобалар, индекстелетін журналдардағы жарияланымдар, қорғауға алынған құжаттар, жарық көрген монографиялар, ЖОО-ның Үздік оқытушысы атағын алғандар, стартап жобалар, Халықаралық және республикалық конференциялар өткізуі, шетелдік ғылыми іс-шараларға қатысу, БҒСБК мен шетелдік мақалалар, өзге ғылыми басылымдар мен конференция материалдары, семинар, дөңгелек үстелдер өткізу, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы және ғылыми үйірме сынды бағалау көрсеткіштері негізінде шығарылды.

Өнертабыс патентіне ие болды

Университет ғалымдары екі өнертабыс патентіне ие болды. Химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Жиембаев жетекшілік жасаған топ құрамында оқу орнының докторанттары, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен ізденушілері болды.

Диссертациялық кеңестер ашылды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 6D060600 – Химия (8D05301 – Химия), 6D011300 – Биология (8D01505 – Биология), 6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті (8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті) және 6D020500 – Филология (8D02301 – Филология) мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге арналған диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестер ашылды.

Ғылымды дамыту – университеттің басты міндеті

2020 жылы университеттің 107 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысты. Сонымен қатар бұл кезеңде профессор-оқытушылардың қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 800-ге жуық ғылыми мақаласы жарияланып, 15 монография жарық көрді.

Университет ғалымы экологияны жақсартудың жолдарын ұсынды

Университет ғалымы, биология ғылымдарының докторы, профессор Келіс Жайлыбай экологияны жақсартудың жолдарын ұсынды. 40-50 жылдан кейін қазақ жері шөлге айналып, тұрғындар қуаңшылықтың азабын тартуы мүмкін. «Мұндай қиындықтардың алдын алу үшін мұнай өнімдері мен көмір жағуды азайтып, керісінше көп ағаш еккен жөн. Сондай-ақ бесінші сыныптан бастап, Экология пәнін оқытып, мектептерде "эколог-бағбанды" қызметке алу керек" дейді профессор.

5 ұстаз жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағына ие болды

Қыздар университетінің 5 ұстазы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған байқау қорытындысы бойынша филология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Гүлмира Абдрасилова, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Бақытгүл Қасқатаева, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айнұр Көшекова, филология ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Айгүл Оңалбаева және PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Айгүл Сыздықбаева үздік деп танылды.

 "Абайтану" курсы енгізілді

Университетте «Абайтану» курсы енгізілді. Бүгінде оқу орнының студенттеріне абайтанудың бастаулары, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы оқытылуда. Бұған дейін Қыздар университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің білімгерлеріне Зәки Ахметов, Тұрсынбек Кәкішов, Мекемтас Мырзахметұлы сынды ғалымдар абайтану курсын жүргізген болатын. Ал былтырғы оқу жылынан бастап ол барлық факультеттерде оқытыла бастады.

"Академиялық сағат" жобасы бастау алды

Қашықтан білім беру жағдайында білім алушыларға жеделдетілген әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Академиялық сағат» жобасы бастау алды. Бұл жобаның басты мақсаты – университеттің оқытушылары, білім алушылары және әкімшілік қызметкерлерімен қашықтан оқу бойынша тығыз байланыс жасау.

"Цифрлы волонтер" жобасы қолға алынды

Коронавирус індетіне орай елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты университетте бірқатар шаралар қолға алынды. Соның бірі – "Цифрлы волонтер" жобасы. Университет басшылығы оқытушыларға қашықтан оқыту кезінде жан-жақты консультативтік көмек көрсету мақсатында кафедралардың үздік оқытушылар құрамынан арнайы волонтерлер тобын құру туралы шешім қабылдады. 'Цифрлы волонтер" жобасы профессор-оқытушыларға әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетуге бағытталған. Пандемия кезінде "Цифрлы волонтерлер" 5 мыңнан астам мұғалімдер мен оқушыларға және жоғары оқу орнының білім алушыларына әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетті.

Психологиялық қолдау қызметі жұмыс істеді

COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған карантин уақытында ел тұрғындарын қолдау мақсатында және өз-өзін оқшаулау ситуциясында стресстік жағдайға түсудің алдын алу бойынша университет мамандары тегін психологиялық қолдау қызметін көрсетті. Аталған қызметке 2 мыңнан астам азамат жүгінген.

El úmiti онлайн мектебіне тьютор ретінде қабылданды

Университеттің 50 студенті Birge oqý платформасында «Онлайн педагогика 2.0» арнайы курсынан өтіп, El Úmiti онлайн мектебіне тьютор ретінде іріктелініп алыны. Болашақ педагогтар курс барысында қашықтан оқытудың терминологиясы мен негізгі қағидаларын және онлайн білім берудің жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін жан-жақты меңгерді. Бұл жоба Тұңғыш Президент қоры мен Елбасы Академиясының бастамасымен жүзеге асырылды.

Университет студенттері "жүзден жүйрік"

Өткен жылы Қыздар университетінің студенттері 200-ден астам халықаралық, республикалық және аймақтық білім, ғылым, өнер және спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болып, оқу орнының мерейін тасытты.

Сонымен қатар білімгерлер елімізде өткен түрлі ғылыми жобалар байқауы мен зияткерлік ойындарда да бағы жанып, үздік атанып келеді. Университет даңқы тек қана білім сайыстарында ғана емес спорттық додаларда да жиі шығып жүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная