29 қыркүйек 2022 | 11:53

Алматыдағы LRT тағдыры қашан шешіледі? Досаев айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Эскиз LRT

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жеңіл рельсті трамвай (LRT) желісі жобасы бойынша нақты шешімдерді келесі жылы сәуірде ұсына алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жеңіл рельсті трамвай (LRT) желісі жобасы бойынша нақты шешімдерді келесі жылы сәуірде ұсына алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындармен кездесу барысында Медеу ауданының тұрғыны 8 жылдан бері жоспарланған LRT құрылысы жобасы қашан алға жылжитынын сұрады.

"Төле би көшесі бойындағы LRT мәселесін даму жоспарына енгіздік. Бұл жұмысты бастап жатырмыз. Қалада жүзеге асырыла бастаған бірнеше жоба бар. Мысалы, Еуропа қайта құру және даму банкі қатысатын жоба. Жеке ұсыныстар да болды. Енді оны қалай жүзеге асыруға болатынын ескере отырып, оңтайлы схеманы табамыз. Сондықтан тиісті шығындар қаралады. Біріншіден, қаладан өз мүмкіндіктерімізді есептеп алуымыз керек, бұл жобаны қай уақытта жүзеге асыра аламыз. Жоба қаланың көлік құралдары қаңқасын қалыптастырудың негізгі жобаларының бірі болады. 2023 жылы не істей алдық және бұл жобаның қандай формада жүзеге асатынын, қай жылдары жүзеге асыратынымызды көрсетеміз. 2025 жылдың аяғына қарай алғашқы нәтижелерді көруді мақсат етіп қойдым. Бұл жұмыс 2023 жылы басталуы керек", - деді әкім.

Реклама
Реклама

Досаевтың айтуынша, қазір LRT жобасын қаржыландырудың оңтайлы схемасын табу қажет. Әкім жобаға қанша қаражат қажет болатынын және оның қандай кезеңдерде жүзеге асырылатынын шешу керек екенін атап өтті. Бұл ретте болашақ LRT бағыты бойынша учаскені сатып алу жалғасып жатыр. Келесі жылдың көктемінде әкім жобаның қалай жүзеге асатынын айтып беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная