01 ақпан 2020 11:21

Алматыдағы медициналық маскалардың тапшылығы туралы хабарламаға министрлік жауап берді

Камила Долаева Журналист

Денсаулық сақтау министрлігі қала дәріханаларында медициналық маскалардың жетіспеушілігіне байланысты алматылықтардың наразылығына жауап берді. Маскалар дәріханаларға күнделікті жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Маскалардың тапшылығын болдырмау мақсатында қала дәріханаларына үнемі мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда мегаполисте маскалар саны жеткілікті. Медициналық мекемелерде 2 миллионнан астам және қосымша 1,3 миллион бір рет қолданылатын маскалар бар.

Реклама
Реклама

"Dolce" өндірушісі күніне 4 мың маска шығарады. Алматы бойынша оның қоры күн сайын толтырылады. Бүгінде бір аптаның тапсырысы орындалды. Апта ішінде дәріханаларды маскалармен толықтыру жоспарланды", - деді департамент басшысы Айзат Молдағасимова.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір басқа ел өндірушілерімен, атап айтқанда Иран және Қырғызстанмен қосымша маскалар жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Медициналық масканың орташа құны 20 теңге.

Қала дәріханалары тапшылық жоқ екенін растады. Қолға 20 маскадан сатылады. 

Медициналық маска бағасының жоғарылауы немесе дәріханаларда болмауы анықталған жағдайда алматылықтарға 382-35-36, 382-33-50 нөмірлері бойынша қоңырау шалуға кеңес беріледі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram