ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2021 | 08:58
Алматыдағы Mega маңындағы ірі жол апаты: сараптама нәтижесі айтылды
2021 жылдың ақпанында адам өлімімен аяқталған ірі жол апатын ұйымдастырған автобус жүргізушісінің қанында алкоголь мен есірткі табылған жоқ. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2021 жылдың ақпанында адам өлімімен аяқталған ірі жол апатын ұйымдастырған автобус жүргізушісінің қанында алкоголь мен есірткі табылған жоқ. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апат 27 ақпанда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында болған. Белгісіз себептермен жүргізуші автобусты тізгіннен шығарып алып, екі көлікке соғылып, тротуармен келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бес адам ауыр жарақат алды, бір әйел қайтыс болды.
Соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша жүріп жатыр. Алматы прокуратурасы ресми сауалымызға жауапта сараптама қорытындысының нәтижесін бөлісті.
"Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, автобус жүргізушісінің қанында ішімдік және есірткі заттары табылған жоқ. Жол-көлік оқиғасы себебін және автобустың техникалық жағдайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды", - деді прокуратура қызметкері.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, 27 ақпанда Алматы полиция департаменті ірі жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтқан еді. Ведомство мәліметіне сүйенсек, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, Hyundai Elantra автокөлігіне соқтығысқан. Одан әрі инерция бойынша Сейфуллин даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып, бағдаршам мен жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Кейін автобус Volkswagen Polo маркалы автокөлігімен соқтығысып, сауда орталығы тұрағының кіреберісінде тоқтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также