18 мамыр 2020 | 17:23

Алматыдағы мектептерде соңғы қоңырау қалай өтетіні белгілі болды

© Tengrinews.kz

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мектептерде соңғы қоңырау мен бітірушілерге аттестат тапсыру шарасы қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мектептерде соңғы қоңырау мен бітірушілерге аттестат тапсыру шарасы қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орта мектепті бітіру бойынша аттестаттар әр сыныпқа жеке беріледі. Біз барлық сақтық шарасын, оның ішінде арақашықтық, сыныптардың, ата-аналардың қалай бөлініп тұратынын, сондай-ақ аттестат тапсыру интервалын аықтадық. Балалар басқалармен байланыста болмауы үшін, барлық талапты орындауы үшін бүге-шегесіне дейін ойластырдық", - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Бекшин биыл мектеп жанындағы сауықтыру орталықтары, яғни, лагерлердің жұмысы жайлы айтты. 

"Бұл - ортақ шешім, оны директорлар да қолдады. Биыл балалардың қауіпсіздігі үшін мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылмайды", - деді Бекшин. 

Жандарбек Бекшин қала сыртындағы лагерлер де биыл жұмыс істемейтінін айтты. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440-қа жетті. Коронавирус пандемиясы елімізде анықталғалы 3 256 адам аурудан айығып шықса, 34 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram