ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2021 | 10:26
Алматыдағы Оқушылар сарайы, Қастеев музейі мен Әуезов театры қалай өзгереді?
Әкімдік өкілдері Алматыдағы Оқушылар сарайы, Қастеев музейі, Әуезов атындағы драма театры және мемлекеттік музей аумағы қалай өзгеретінін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әкімдік өкілдері Алматыдағы Оқушылар сарайы, Қастеев музейі, Әуезов атындағы драма театры және мемлекеттік музей аумағы қалай өзгеретінін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қастеев атындағы музей
Наталья Ливинскаяның айтуынша, Қастеев музейі аумағында субұрқақ пайда болады.
"Мұражай аумағын жақсарту мақсатында көгалдандыру жобасына жаңа тәсілдерді енгізу арқылы заманауи рекреациялық аймақ құру, кедергісіз орта қағидаттары бойынша кеңістік ұйымдастыру; субұрқақты тарту орнына айналдыру; субұрқақтың сорғы жүйесінің жұмыс принципін ауыстыру - сарқыраманы ұйымдастыру, түнгі уақытта аумақты жарықтандыруды қамтамасыз ету жоспарланған", - деді Наталья Ливинская.
Төменде музей аумағы қалай өзгеретіні көрсетілген.
Әуезов атындағы театр
Әуезов театры алдында субұрқақты қалпына келтіріп, жасыл аймақ жасау жоспарланған.
"Субұрқақ сәулетін қайта жасағымыз келеді: субұрқақ тостағанын қалпына келтіру; тартымды аумақ пен сыртқы ортаны құру арқылы театрға келушілерді арттыру; театр бірегейлігін көрсететін атмосфера құру, келушілерге қолайлы жағдай жасау. Оның ішінде қоғамдық дәретханалар, ауыз су бұрқақтары, ағаш отырғызу, орындықтар, жасыл желек, қажетті траекторияларды қамтамасыз ету, қалалық жиһаз, жарықтандыру", - деді Наталья Ливинская.
Оқушылар сарайы
Сондай-ақ, әкімдікте балалар алаңдарын орнатып, Оқушылар сарайы алдына жасыл аймақ жасау жоспарланған.
"Міндеттердің бірі - Терренкур жағалауымен байланыс орнату, көгалдандыруды қалпына келтіру, көше жиһаздарын ауыстыру және қосымша отыратын орындар, ауыз су бұрқағы, көше жарығын орнату", - деді Наталья Ливинская.
Мемлекеттік музей
Наталья Ливинскаяның айтуынша, Мемлекеттік музейде тарихи субұрқақты қалпына келтіру және демалыс аймағын құру жоспарланған.
"Сондай-ақ, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ғимарат мәртебесіне сәйкес келетін тартымды аумақ құрамыз. Адамдар үшін сквердің қолжетімділігін жақсарту, демалыс үшін орындық аймақтарын тиімді ұйымдастыру, белсенді және пассивті демалу үшін кеңістікті аймақтарға бөлу жоспарда бар", - деді Наталья Ливинская.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также