ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2023 | 10:57
Алматыдағы өрт: тергеу жөніндегі комиссия құрылды
Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қыземітне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қыземітне сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімі бойынша, Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
"Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды", - делінген хабарламада.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.
Алматыда өрт шыққан хостел бұрын қандай болған? Суреттер
Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также