15 сәуір 2020 | 12:40

Алматыдағы Орталық ауруханада 182 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада тағы 35 дәрігерден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада тағы 35 дәрігерден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты.

Реклама
Реклама

"Орталық қалалық клиникалық ауруханада барлығы 182 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте тағы 35 адам жұқтырды", - делінген басқарманың хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында осы ауруханада 147 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше дәрігер "Көктем" шипажайына карантинге жатқызылды. Ал аурухана карантинге жабылды.

Ал кейінірек аурухананың бас дәрігері ауысқаны хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram