ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2020 | 17:05
Алматыдағы орталық ауруханадағы COVID-19: Алдын ала себебі аталды
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада вирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге қатысты тексеріс жүріп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, науқастарды бөлуге қатысты қателер болды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық эпидемиологиялық тексерісінің қорытындысы шықпаған", - дейді Есмағамбетова.
Сондай-ақ, ол тергеудің қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.
"Осы ошақта науқас көп тіркелуіне байланысты инкубациялық эпидемиологиялық кезең созылып кетті. Сондықтан да эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Соңғы науқас тіркелгенде, эпидемиологиялық тергеу аяқталып, қорытынды шығады", - деді бас санитар дәрігер.
Оның айтуынша, қажет шаралар қабылданып, тергеу қорытындысы шығады. Барлығы тексеріс нәтижесіне байланысты дейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также