15 сәуір 2020 11:53

Алматыдағы Орталық клиникалық аурухананың бұрынғы бас дәрігері туралы не белгілі?

Фото:almaty-cgkb.kz

Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырды. Осы жағдайдан кейін аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылды. Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы бас дәрігерге қатысты мәліметтерді ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джувашев 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыда Қазақ мемлекеттік медициналық университетінде дүниеге келген, мамандығы - емдеу ісі. Сондай-ақ, Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті заң мамандығы бойынша аяқтаған.

Реклама
Реклама

2012 жылы орталық клиникалық ауруханада хирургия ісі бойынша директордың орынбасары қызметінде болды. 2016 жылы қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалған.

2019 жылдың сәуірінде Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметіне келеді. Ал биыл 14 сәуірде ол бас дәрігер қызметінен босатылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram