ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2020 | 09:00
Алматыдағы перинатология орталығында COVID-19-дан соңғы науқас айығып шықты
Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан айыққан соңғы науқас шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің Telegram-каналына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан айыққан соңғы науқас шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің Telegram-каналына сілтеме жасап.
"Кеше біз екі жақты пневмониямен ауыратын соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық", - дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.
Пандемияға байланысты орталықта шілдеден бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін 25 провизорлық және жұқпалы ауруға 5 төсекке арналған жұқпалы ауру-провизорлық бөлімше ашылған болатын.
Бөлімше жұмысы барысында 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сына кесарево отасы жасалған. Науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также