Алматыдағы Президент резиденциясы неге сүрілетіні айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©Tengrinews.kz

Президент Іс басқармасы Алматыдағы Мемлекет басшысының резиденциясы неге сүрілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Іс басқармасы Алматыдағы Мемлекет басшысының резиденциясы неге сүрілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПІБ баспасөз қызметі мәліметінше, сарапшылар резиденция ғимаратының "пайдалануға жарамдылығы шектеулі" деген қорытынды жасаған.

"Өрт пен өте жоғары температура салдарынан барлық жүк көтергіш құрылым мен шатырдың негізі саналатын металл элементтері зақымданған. Ғимараттың сақталып қалған бөлігіндегі өрт иісін толығымен жою мүмкін емес.

Оның үстіне, бүгінде нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі құрылымдарын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуына орасан зор күрделі салымдар қажет", - деді Президент Іс басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Сарапшылардың пікірінше, резиденцияны жөндеу және онда белсенді жұмыс істеу де қауіпті. ПІБ баспасөз қызметі ғимаратты бұзу заңмен белгіленген барлық рәсімді сақтай отырып жүргізілетінін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама