05 қаңтар 2022 11:19

Алматыдағы Республика алаңында жағдай қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Наразылық шаралары өтіп, Төтенше жағдай енгізілген Алматыда қазіргі жағдай қандай? Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі ғимараты маңындағы жағдайды көріп қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наразылық шаралары өтіп, Төтенше жағдай енгізілген Алматыда қазіргі жағдай қандай? Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі ғимараты маңындағы жағдайды көріп қайтты.

Әкімдік ғимараты маңында өртенген көліктер тұр.

Реклама
Реклама

Таңғы сағат 10.00-де әкімдік маңындағы алаңда шеруге шыққандар байқалмайды. Әскерилер қала әкімшілігі ғимаратын қоршауға алған.

Сәтбаев көшесінің Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігі жабылған.

Еске салайық, Алматыда 19 қаңтарға дейін Төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Қалада қоғамдық тәртіпті, әсіресе мемлекеттік және стратегиялық нысандарды қорғау күшейтілген.

Көлік құралдарын қоса алғанда, қозғалысқа шектеулер белгіленген, құжаттар тексеріледі.

Алматыға кіруге және шығуға шектеу қойылған.

Кез келген іс-шара мен заңсыз жиындарға тыйым салынады. Жеке тұлғалардан қару-жарақ пен улы заттар уақытша тәркіленеді.

Суреттер: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Айта кетейік, Алматыда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін Төтенше жағдай енгізілгені хабарланған болатын. Коменданттық сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін болады. 

Алматы, ІІМ, ҰҚК, Қорғаныс министрлігі және ТЖМ төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шараларды жүзеге асыруға жауапты саналады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram