ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2023 | 14:34
Алматыдағы Рысқұлов даңғылында солға бұрылуға тыйым салынады
Алматыда Рысқұлов даңғылында солға бұрылуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Рысқұлов даңғылында солға бұрылуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
5 қаңтардан бастап көлік ағынын өткізу қабілетін қамтамасыз ету және жанжалды жағдайларды болдырмау мақсатында Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында шығыс және батыс бағытта Рысқұлов даңғылы бойымен қозғалыс кезінде солға бұрылу эксперимент түрде алып тасталатыны хабарланды.
"Жұмыстарды Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы ұсынатын жол қозғалысын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қалалық мобилділік басқармасының мамандары жүргізеді.
Мамандар 2023 жылдың 1 наурызына дейін жолдың осы бөлігіндегі, сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің бойында орналасқан бағдаршамдар мен бұрылыс нүктелеріндегі көліктердің өткізу қабілетіне талдау жасайды. Сараптама және талдау нәтижелері бойынша қосымша шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Алматылық жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала ойлап алу ұсынылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также