17 шілде 2023 | 18:02

Алматыдағы саунада балалар лагері болған: Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна

Оқу-ағарту министрлігі Алматы маңындағы сауна ғимаратында жазғы балалар лагерін ұйымдастыру дерегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрлігі Алматы маңындағы сауна ғимаратында жазғы балалар лагерін ұйымдастыру дерегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасай отырып.

Ведомство мәліметінше, қазірдің өзінде оқиға орнында министрлік пен қалалық білім басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

"Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін дереу жедел мобильді топ құрылды. Мүдделі мемлекеттік органдарға балалардың орталықта қауіпсіз болуы, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді өткізу мәселелері бойынша хаттар жолданды. Бұл мәселе толық шешілгенше Комитет төрағасының жеке бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
  • орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің, Жастар туризмі және демалысы жөніндегі республикалық қауымдастық төрағасының қатысуымен бірқатар таныстыру кездесулері өткізілді, онда ұйымдастыру мәселелері қаралды;
  • "Қазақстан - бақытты балалық мекені!" тұжырымдамасы жасалды. Демалыс кезінде балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру үшін, ұсыныстар берілген өңірлерге іске асыруға бағытталған;

  • жазғы демалысты дұрыс ұйымдастыру үшін ауысымды дамыту логикасын, оның даму кезеңдерінің әрқайсысында өз мақсаты мен міндетінің болуын болжайтын педагогикалық тұжырымдамаға бағытталған "Жаздық жолдама" жобасын іске асыратын орталықтардың (лагерьлердің) бірыңғай 10 күндік бағдарламасы енгізілді.

"Осы нормалардың қабылдануы демалыстың электрондық тізімін құруды және ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Барлық осы қабылданып жатқан шаралар, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанына қарамастан, қызметкерлер тарапынан немқұрайдылық байқалды", - деді комитет өкілдері.

Осыған дейін Алматы қалалық білім басқармасы қызмет берушімен келісімшартты бұзу мәселесі қаралып жатқанын хабарлаған болатын. Алдағы уақытта балалар демалысын жалғастыру үшін басқа орталықтарға жіберіледі.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында шілде айының ортасында жантүршігерлік оқиға болған еді. Мұнда жазғы демалысын өткізу үшін Алматыдан ондаған бала әкелінді. Алайда мектеп оқушылары жайлы жағдайдың орнына тар, желдетілмейтін бөлмелерге қоныстанған. Сондай-ақ, лагерь саунаның дәл ішінде орналасқан, мұнда сыртта ер адамдар демалатынын байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная