16 ақпан 2023 09:29

Алматыдағы "Саяхат" автовокзалы орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда бұрын "Саяхат" автовокзалы орналасқан аумақта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрын "Саяхат" автовокзалы орналасқан аумақта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі уақытта автовокзал жері мемлекет меншігінде емес. Бірнеше жыл бұрын оны жеке компания сатып алған.

"Жер учаскесінің иесі 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде Sayahat Realty ЖШС саналады. Жер телімінің нысаналы мақсаты - коммерциялық үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешені.

Қазіргі уақытта алаң қоршалған, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ", - деді қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар "Саяхат" автовокзалы ауданындағы шектеулерге шағымданғаны хабарланған болатын. Олардың айтуынша, қаланың қақ ортасында бес гектар аумақ темір қоршаумен қоршалған және автотұраққа рұқсат жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram